Albedo Space спутниктері кез келген адамды орбитадан тікелей суретке түсіре алады
|
Albedo Space стартапы өз спутниктерінің ғарыштан адамдарды суретке түсіріп, таспаға тартып алуға қабілетті екенін жеткізді. Алайда, адамның жеке басына қатысты мәліметтерді, яғни, бейнесін құпия ұсталатынына сендірді. Дәлірегі, спутникте бет-әлпетті тану жүйесі болмайды. Hacker News форумында Albedo Space бас директоры Тофер Хаддат осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Albedo Space спутниктері Жерден 160 шақырым қашықтықта - орбитада болады және апат аймақтарын картаға түсіру, инфрақұрылымды бақылау, қала құрылысын жоспарлау және қорғаныс мақсаттары үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, спутниктік жүйелердің мүмкіндіктері жер бетіндегі әрбір адамның бет-бейнесін тануға мүмкіндік береді. Ал сарапшылар не дейді? Олардың айтуынша, мұндай технологияны қандай да бір мемлекет билігі өз мүддесі үшін пайдалану қатері жоғары – наразылық шеруін басу немесе билікке теріс әрекеттерді болдырмау үшін спутник мәліметтерін пайдалануға талпынатынын атап өтті. New York Times хабарлағандай, Albedo Space келесі жылы өзінің алғашқы жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр