Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады
Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады
3 жыл бұрын 16535 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта таяуда арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес адам жанарынан қашан жан тапсыратынын да білуге болады екен. Дәрігерлер мына дерт бойынша адамның ажалы жақын қалғанын көзінің қарашығына қарап ажыратуға болатынын алға тартып отыр: жүрек-қан тамыр ауруларынан көп ұзамай ажал құшатынын анықтауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы belnovosti.by ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аталған дерттен көп ұзамай бақилық болатын науқастың көз қарашығы кішірейіп кетеді. Ғалымдар мұндай тұжырымға науқастарды ұзақ уақытқа созылған қадағалау нәтижесінде келіп отыр. Ең қызығы, мұндай белгі байқалған науқастың беті бері қарамайды, яғни, оны ажалдан арашалап алып қалу қиынға түспек. Көз қарашығының кішіреюі – өлім үкіміндей қабылдау керек. Бұл бағыттағы тәжірибеге 800-ден аса адам қатысқан екен. Олардың барлығының көз қарашығын ұдайы бақылауда ұстаған. Жоғарыда аталған белгі білінген пациенттердің 47 %-ын дәрігерлер қанша жерден жанталасса да аман алып қала алмаған. 

Ұқсас материалдар:

«Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0);

«Адам ажалына 2-3 күн қалғанда білінетін белгілер аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-ajalyna-2-3-kun-qalganda-bilinetin-belgiler-ataldy-15292/#gsc.tab=0);

«Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaldyn-jaqyn-qalganyn-anyqtaudyn-tasili-belgili-boldy-14638/#gsc.tab=0);

«Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalgan-adamnyn-qandai-tuster-koretini-anyqtaldy-13190/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат