Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің биологиялық тетігі ашылды
Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің биологиялық тетігі ашылды
4 күн бұрын 325 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруі тек адамға ғана тән емес, жануарлардың көбісінде кездесетін құбылыс. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтардың топшылауынша, бұл жыныс талғайтын құбылыстың астары әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетімен ішінара байланысты. Жапониядағы Осака университетінің ғалымдары ұрғашының аналық жасушасы мен ерлер шәуетінің омыртқалы жануарлардың ғұмыр ұзақтығындағы жыныстық айырмашылыққа әсер ететінін анықтады. Ғалымдар бұл тарапта киллифаштың (Nothobranchius furzeri) - ғұмыр мерзімі бірнеше ай ғана болатын ұсақ, тез өсетін тұшшы су балықтарының цесін зерттеп көрген екен. Адам сияқты ұрғашы киллибалықтар да аталықтарына қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Алайда, зерттеушілер бұл балықтардың репродуктивті (ұрпақ өрбіту) жасушаларын алып тастағанда аталықтары мен ұрғашыларының ғұмыр жасы бірдей болды. Аталықтары әдеттегіден ұзағырақ өмір сүрген, ал ұрғашыларының ғұмыры қысқарған. Ұрық жасушаларынан айырылған ұрғашылардың эстроген сигналдары айтарлықтай азайған. Осылайша жүрек-қан тамыр аурулары қатері есебінен ғұмыры кемуі мүмкін. Бұдан бөлек, инсулин тәрізді фактор сигналдары айтарлықтай артқан – бұл жай ұрғашылардың іріленуіне әкелген. Ұрық жасушалары жоқ аталықтардың бұлшық еттері, тері мен сүйектері едәуір жақсарған. Бір қызығы, оларда D дәруменін белсендіретін зат мөлшері көбейіп, бұлшық еттер мен теріде D дәруменінің сигнал беруі де көбейген. D дәруменін гормон деп те қарастыруға болады. Келесі тәжірибеде ғалымдар оны балық рационына енгізді. Аталықтарының да, ұрғашыларының да тіршілік ету мерзімі біршама өскен.

Ұқсас материалдар:

Әйелдердің ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүруінің сыры белгілі болды

Әйелдердің ерлерден ұзақ ғұмыр сүруінің сыры басқада болып шықты

Әйелдерге қарағанда ерлер неге аз өмір сүреді - ДДҰ зерттеуі

0 пікір
Мұрағат