Әйел үстіне әйел алудың денсаулыққа қатерлі екені анықталды
|
Әйел үстіне әйел алған ер-азаматтарда жүрек қан тамырлары тарылып, жүрек ишемиясына ұшырау қатері жоғары болатыны анықталды. Салыстырмалы түрде алғанда бұл дертке ұшырау қатері тек бір әйелмен шектелгендерге қарағанда көп әйелі бар ер-азаматтарда төрт есе жоғары болатыны анықталған. Араб ғалымы Амин Даулаһтың тұжырымы осындай. Ол бұл тұжырымын үстіміздегі жылдың сәуір айының 29-ы күні өткен Азия кардиологтарының конгресінде айтты. Есімі аталған саудиялық ғалымның сөзіне қарағанда, бұл дерттің пайда болуына ең алдымен психологиялық және қаржылық факторлар себеп болатын көрінеді. Өйткені, бірнеше әйелді, олардан өрбіген ұрпағын материалдық тұрғындан қамтамасыз ету, олардың көңілін табу үлкен күш-жігерді талап етеді. Ол Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ауруханалар мен емханаларда жүрегінде ақауы бар ер пациенттерді, нақтырақ айтқанда, 687 ер-азаматты тексерген екен. Тексеруден өткендердің орташа жасы – 59. Олардың 68%-ы тек бір әйелмен шектелген. Ал көп әйелі барларының тек бір әйелмен шектелгендерге қарағанда жүрек ишемиясына ұшырау қатері 4,6 есе жоғары болатынын анықтап білді. Дәрігер тек ер-азаматтармен ғана шектеліп қалмай, тоқалдыққа барған әйелдерді де зерттеуді мақсат етіп отыр.
Егер мақала ұнамаса аттап өтіп кете беріңіз. Өмірде барлығы жақсы бола бермейтінін бәріміз де білеміз. Ешкім сізді зорлап осы сайтқа отырғызып қойған жоқ. Пікір жазған екенсіз демек оқисыз деген сөз. Сіздің сөзіңіз су ішкен құдыққа түкіргенмен бірдей. Анығын Алла біледі.
Артық кетсем кешіріңіз.