|
Адамзат аса ауқымды эволюциялық кезеңге өтті
|
University of Maine (Америка құрама штаттары) жоғарғы оқу орнының ғалымдары адамзаттың аса елеулі немесе ауқымды эволюциялық кезеңге өткенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы BioScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл кезеңдегі дамуға генетика емес, мәдениет ықпал ететінін, яғни, эволюцияның осы сатысында негізгі қозғаушы күшке мәдениет ие болады. "Адам эволюциясы өзінің даму барысын өзгерткендей... Біз бір-бірімізден әдет-дағдыны, институциялық құндылықтарды немесе технологияларды алған кезде бейімделген мәдени машықтарды қоса мұра етіп аламыз. Олар міндеттерімізді орындауға генетикаға қарағанда тезірек ықпал етеді. Бәрі де біздің ұлы эволюциялық өткелдің ортасында тұрғанымызды көрсетеді ". деп түсіндірді мақаланың жетекші авторы, экономика және тұрақты даму доценті Тимоти Уоринг. Ауыл шаруашылығынан бастап құқықтық кодекске дейінгі мәдени дағдылар жылдам таралады әрі тез өзгереді. Бұған ген бейімделіп немесе ақпараттарды өңдеп үлгермейді. Ал мұндай тенденция қоғамға жаңа жағдайларға бейімделуді әрі алдына уақыт көлденең тартқан міндеттерін дер кезінде шешуді талап етеді. Мұндай жағдайда биология лайықты деңгейде жауап бере алмайды. Осылайша адам, жалпақ тілмен айтқанда, уақыт көшіне ілесу үшін мәдени инфрақұрылымын (дағдыларын) қалыптастырып үйренуге мәжбүр. Биологтар мұндай құбылысты жалқыдан жалпыға ауысу ұғымымен түсіндіруге тырысады: жекелеген тірлішік иелері әлдеқайда біртұтас «супер организмге» бірігеді. Мұндай құбылыс тарихта болғанын алға тартады – мәселен, көп жасушалы организмдердің пайда болуын немесе жануарлардың (жәндіктердің) топтасып, үйірімен тіршіліе ету процесін алуға болады. Мәдени ұжым тіршілік иелеріне қиындықты оңай еңсеруге мүмкіндік бермек, Үлкен қауымдастықтар мәдени өзгерістер есебінен жаңа жағдайға тез беімделе алады. Сарапшылардың айтуынша, болашақта мәдениет адам дамуының негізгі күшіне айналмақ. Сол кезде эволюция ДНҚ арқылы емес, адамзат өз қолымен тудырған технология, заңнамалар арқылы айқындалатын болады.