Адамның тынысынан қуат алатын ми стимуляциясы жасалды
|
Зерттеушілер батареяларын ауыстыруды қажет етпейтін терең миды ынталандыратын құрылғыны жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Коннектикут штатындағы Калифорния университетінің ғалымдары миды терең ынталандыру арқылы тұрақты операциялардан қалай арылуға болатынын анықтады. Олар жасаған құрылғы адамның тыныс алу процесінде зарядталады. Ғалымдардың түсіндіруінше, имплантацияланатын, миды терең ынталандыратын құрылғылар дәстүрлі емдеу сәтсіз болған кезде Паркинсон сияқты неврологиялық және психиатриялық аурулары бар науқастарға көмектесе алады. Дегенмен, дәстүрлі құрылғылар батареясын мерзім сайын ауыстыруды қажет етеді, яғни, әр 2-3 сайын жыл аталған дертке шалдыққан пациентке операция жасауды қажет етеді. Жаңа құрылғы аккумулятордың орнына пайдаланушының тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының қозғалысын электр қуатына айналдырады. Адам дем алғанда және дем шығарғанда, кеуде торы трибоэлектрлік наногенератор деп аталатын өте кішкентай және жұқа электр генераторын басады. Бұл құрылғы осы қозғалысты статикалық электр тогына айналдырады. Аталмыш технология қабырғаға жабыстыру үшін жейдеге шарды ысқылауды еске түсіреді. Қабырға мен шардың әртүрлі статикалық электр зарядтары бар және үйкелістен кейін бір-біріне жабысады. Теріс материалдың зарядтары оңға жабысады және трибоэлектрлік наногенераторда бұл суперконденсаторды зарядтайтын ток жасайды. Соңғысы медициналық құрылғыны қуаттандыру және миды ынталандыру үшін электр қуатын жинайды. Ғалымдар наногенераторды сорғыға қосылған жануардың өкпесі бар доңыз үлгісіне енгізу арқылы құрылғыны сынап көрді. Ингаляция және дем шығару кезінде өкпе наногенераторды басып, наногенератордың ішіндегі екі қабаттың үйкелуіне және электр энергиясын өндіруіне әкеледі. Кеуденің сыртында орналасқан терең ми стимуляторының электроникасына қуат беретін суперконденсаторды зарядтау үшін электр тогы жіңішке сым арқылы өтеді. Бұл тараптағы сынақ нәтижесі осылайша жиналған электр энергиясы қазіргі уақытта қолданылып жатқан ауыстырылатын батареясы бар құрылғылардағыдай секундына 60 рет импульс жасауға жеткілікті екенін көрсетті.
Эксперимент схемасы және құрылғының жұмыс істеу принципі. Сурет: Esraa Elsanadidy et al., Cell Reports Physics Science