Адамның туған мезгілі мен денсаулығы арасында байланыс бары анықталды – зерттеу
Адамның туған мезгілі мен денсаулығы арасында байланыс бары анықталды – зерттеу
2 жыл бұрын 2130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испан ғалымдары адамның туған айының оның денсаулығына әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы limon ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жаз мезілінде дүниеге келген адамдардың десаулығы мықты болады. Бұған организмді түрлі аурудан қорғауда маңызы зор D дәруменін осы жазда мол сіңіретіні себеп болады. Табиғи жағдайда күн көзінен алатын аталмыш дәрумен өзге жыл мезгілдерінде тапшы болады. Ал қыс айларында дүниеге келгендердің керісінше түрлі дертке шалдығу қатері жоғары болатыны белгілі болып отыр. Ол ол ма, қыста дүниеге келгендер арасында психикалық ауытқу қаупі жоғары, бұдан бөлек, орталық жүйке жүйесі тез зақымданатын болып шықты. Ал көктемде дүниге келгендер демікпе (астма) мен аллергия ауруына бейім келеді. Күзде дүниеге келгендердің арасында ұзақ ғқмыр сүретіндер қарасы көп. Бұл құбылысты шуақты күндермен және органимзге пайдалы жеміс-жидек пен көкөністің мол тұтынылуымен байланыстырады.

0 пікір
Мұрағат