Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды
Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды
5 жыл бұрын 21212 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дат ғалымдары ел тұрғындары арасынан 100 мың азаматтың медициналық дерегін талдап, сараптаған екен. Адамдардың мезгілінен бұрын, яғни, қартаймай өмірден өтіп кету себебін білу мақсатында. Canadian Medical Association Journal мерзімді басылымында жарияланған дат ғалымдарының аталмыш бағытта жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам организімін түрлі дерттен қорғауға жауапты қан құрамындағы лимфоциттер мөлшерінің азаюы өз кезегінде адамның мезгілінен бұрын бақилық болуына түрткі болатыны анықталған. Адамның иммундық жүйесінің негізгі жасушалары организмде маңызды рөл атқарады: түрлі дерттен қорғап қоймай, инфекциялық аурудан кейін организмнің бұрынғы қалпына келуіне көмектеседі. Лимфоциттердің үш түрі бар: организмді инфекция түскен әрі қатерлі ісік жасушаларынан тазартатын NK-лимфоциттері; жасуша деңгейінде түрлі ауытқуларды жоятын T-лимфоциты және сигналды ақуыздарды беруге қатысатын В-лимфоциті. Жасушаның осы аталған үш түрінің қайсысы да кемитін болса, бұл иммундық жүйеге кері әсерін тигізіп, нәтижесінде, организмге шабуылдайтын түрлі вирустар мен бактерияларға жол ашады. Әдетте қан құрамындағы лимфоциттер деңгейін ұдайы қадағалауға жіті көңіл бөліне бермейтіні бар. Оның қаншалықты маңызды екенін білсеңіз, бұған салғырт қарамас еді. Өйткені, лимфопения немесе лимфоцитопения (қан құрамында ақ жасушалар мен лимфатикалық сұйықтықтың тапшылығы) адам бойында қандай да бір кеселдің барынан хабар береді. Тәжірибе барысында ғалымдар жасы 20-дан асқан 108 135 даниялық азаматтың қан құрамындағы лимфоциттер деңгейіне талдау жүргізген екен.  Талай жылға созылған зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, тәжірибеге қатысқандардан лимфоциттер мөлшері кем шамамен 10 372 адам бақилық болған. Бұдан бөлек, олардың бойынан лимфоциттер тапшылығынан жүрек ауруы, қатерлі ісік, созылмалы және респираторлық аурулардан өлу қатері 2,8 есе жоғары болғаны анықталған. Ал жалпылама алғанда кез келген себеп бойынша лимфоциттер тапшылығынан өзгелердің өлу қатері 1,6 есе жоғары болған. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша лимфоциттер мөлшерінің төмендігі организмнің аурумен күресу қабілетін кемітеді.

0 пікір
Мұрағат