Адам қанындағы глюкозадан қуат алатын имплант жасалды
Адам қанындағы глюкозадан қуат алатын имплант жасалды
3 жыл бұрын 1858 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер ондаған глюкоза отын жасушаларынан тұратын кремний чипін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Глюкозалық отын элементтері қан құрамындағы химиялық энергияны электрге айналдырады. Жаңа отын элементінің құрылымы негізінен бұрыннан бар құрылыммен бірдей - ол анодтан, электролиттен және катодтан тұрады.Анод организм сұйықтықтығындағы глюкозамен реакцияға түсіп, глюкондық қышқыл тудырады, бұл процесте екі протон мен екі электрон бөлінеді. Электролит протондарды тасымалдайды, олар ауамен араласып, зиянсыз су молекулаларына айналады. Параллелді түрде электрондар тізбекте жиналады, содан кейін оларды имплантацияланған құрылғыны қуаттандыру үшін пайдалануға болады. Әдетте глюкозалық отын элементіндегі электролитті полимерден жасайтын, алайда, ғалымдар бұл жолы жаңа материалды - цериді қолданған, сондай-ақ, протонды жақсы өткізетін тұрақты керамиканы пайдаланған. Ал электродтар глюкозамен күшті реакцияға түсетін платиннен жасаған. Отын элементтері ең жоғары деңгейге жеткенде шамамен 80 милливольт қуат өндірген, бұл бір шаршы сантиметрге шаққанда шамамен 43 микроватты құрайды. Ғалымдар бұның бұрын-соңды жасалған ең жоғары қуат тығыздығы екенін айтады. Бұл имплантацияланатын құрылғыларды қуаттандыру үшін жеткілікті екендігі атап өтілді

Details are in the caption following the imageDetails are in the caption following the image

Details are in the caption following the imageDetails are in the caption following the image

Details are in the caption following the image

0 пікір
Мұрағат