Адам организімінің ішінен тіршіліктің жаңа формасы табылды
Адам организімінің ішінен тіршіліктің жаңа формасы табылды
3 күн бұрын 788 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Alamy Stock Photo

Стэнфорд университетінің ғалымдары адам организімінен бұрын ғылымға беймәлім болып келген, өздігінен ұйымдаса алатын вирус тәрізді құрылымды тапты. Мұндай тіршілік формасы адамзаттың жартысына жуығының ауыз қуысында кездеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Cell  ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай тіршілік формасы «кешкене істік» атауына ие болды. Генетикалық материалдың бұл миниатюралық сақиналы кесектері шыбық пішінінде өзін-өзі ұйымдастырудың бірегей қабілетіне ие және адам организімінде бір жылға дейін өмір сүретін бактериялардың ішінде сақталуы мүмкін. Мұндай тіршілік формалары генетикалық деректерді талдау барысында, дәлірегі, ғалымдар белгілі тіршілік формаларынан ауытқуларды іздеген кезде табылған. Бұл құрылымдардың геномдарында өсімдіктерге жұғатын немесе зақымдайтын вироидтарға, вирустарға ұқсас РНҚ ілмектері табылды. Бұл жаңалық күтпеген жерден ашылған, себебі, мұндай құрылымдар адам ағзасымен байланысты бактериялардан бұрын байқалмаған. Өзгеше тіршілік формаларының пайда болу және таралу тетігі белгісіз күйінде қалып отыр, десе де ғалымдар олардың бактериялық жасушаларға ену тетігін вирустық инфекцияның организмге ену процесіне ұқсатады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, «кішкене істіктер» күллі әлем халқының жартысының ауыз қуысында, 7%-да адам ішегінде кездесетінін алға тартып отыр. Әзірге мұндай құрылымның адам денсаулығына қалай әсер ететіні беймәлім. Дегенмен, ғалымдардың топшылауынша, мұндай құрылымдар адаммен бірге жасырын жасап келе жатқан, адам денсаулығына елеулі әсерін тигізбейтін «эволюциялық серік» болуы да ықтимал. Ал екінші пайым бойынша олар жердегі биологиялық әр алуандылықтың дамуында маңызды рөл ойнайтын құрылымға жатуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат