Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды
Адам организімінен 55 жаңа химиялық элемент табылды
4 жыл бұрын 2564 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары аяғы ауыр әйелдің организімінен 109 химиялық зат тапты, оның 55-і бұрын адам бойынан табылмаған болатын, ал 42-сінің қандай қызмет атқаратыны әлі белгісіз. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жолы адам денесінен табылған химиялық заттар негізінде тұтынушылық тауарлар мен өзге де өнеркәсіптік көздерден организмге тап болуы мүмкін. Бұл заттар жүкті әйелдің және шараналардың қанынан табылған. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан ғалымдар адамның бойындағы жасанды химиялық заттарды анықтау үшін техникалық мүмкіндігі жоғары масс-спектрометрияны (HRMS) пайдаланған. Бұл жайт өз кезегінде ғалымдардың мазасын қашырып отыр, дәлірегі,  UCSF-тың акушерлік,  гинекология және репродуктивті ғылым  профессоры әрі философия ғылымының докторы  Трейси Дж.Вудраффтың айтуынша, белгілі бір химиялық заттар анадан балаға берілу арқылы бірнеше ұрпақ ауысқанша адам организімінде болмақ. Аяғы ауыр әйел мен шарананың қанынан табылған 109 химиялық зат көптеген тауардың құрамында кездеседі. Атап айтқанда, оның 40-ы пластификатор ретінде пайдаланылады; 28-і – опа-далапта, 25-і – тұтыну тауарларында, 29-ы – фармацевтикада, 23-і – пестицид ретінде, 3-і – антипирен ретінде, 7-і – кілем, жиһаз өндірісінде қолданылатын полифторалкилды қосынды (PFAS) ретінде пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат