|
Адам мен жасанды зерде біртұтас эволюциялық кезеңге аяқ басады
|
Ғалымдар адам мен жасанды зерденің біртұтас, аса үстем организмге айналу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Санта-Фе институтының Майкл Хохберг есімді профессоры мен оның әріптесі Пол Рейни жасанды зерденің адаммен қоян-қолтық араласатынын алға тарта келе келесі эволюциялық сатыда адамнан кейінгі орынға шығуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Жасанды зерденың адаммен тығыз қарым-қатынаста болатыны, адам өмірімен біте қайнасатыны соншалық – мінез-құлықты құрылымдап, танымды қалыптастырып, өзара тәуелділікті тудырып, ұжымдық негізде табиғи сұрыпталуға даяр интеграцияланған индивидті жаңа тұлға пайда болуы мүмкін. Мұндай заңдылық аса ауқымды эволюциялық кезеңдерге тән болып келеді. Мұның жарқын мысалы ретінде жасушадағы митохондрияны алуға болады – кезінде дербес организм күрделі жүйенің ажырағысыз бір бөлігіне айналған. Адамның басында да осындай жағдай орын алуы мүмкін – АІ технологиясы басқаратын субкомпонентті құрылымға – әлдебір үстем организмге айналуы ықтимал. Рекурсивті кері байланыс орнайды – АІ адамға, ал адам АІ-ге өзінің машығы мен ойлау қабілетін таңып, бірге дамитын деңгейге жетпек. Жасанды зерде дербес агентке айналуы мүмкін. Жасанды зерденің қандай сценаримен дамуы туралы нақты дерек жоқ. Десе де адамзатқа қолайсыз нұсқада дамуы да ықтимал.