Адам жақсылық пен жамандықты іштен біліп туады – зерттеу
Адам жақсылық пен жамандықты іштен біліп туады – зерттеу
3 жыл бұрын 2041 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сөйлей алмайтын нәрестенің өзі айналасындағы жат әдеттер мен қылықтарды ажыратып, өзінше сынға алады немесе айыптайды. Бұл тарапта сегіз айлық нәрестеге тәжірибе жүргізген жапон психологтерінің айтуынша, бұл туа бітетін қасиет. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, жаман әрекеті мен әдеті үшін айыптау мотивациясы жүре келе қалыптасатын емес, туабітті нәрсе. Аталмыш тәжірибе барысында нәрестелерге компьютер экранынан екі түрлі түстегі шарларды көрсеткен. Олардың біріншісі екіншісі «ренжіткен». Келесі бейнебаянда шарлардың біріне тас құлаған. Балалар көз қарашығын бақылау технологиясы арқылы компьютерлік жүйені басқара алды. Мүмкіндік болған кезде олар агрессорды жазалау үшін тасты соған лақтыруға тырысты. «Әлі сөйлей алмайтын сәбилер қоғамға қарсы агрессорды жазалап жатқаны белгілі болды. Бұл эволюция барысында адамдарда моралдық мінез-құлыққа бейімділік пайда болуы мүмкін екенін көрсетеді. Атап айтқанда, қоғамға жат әрекеттер үшін жазалау әрекеті адам ынтымақтастығының маңызды элементіне айналған болуы мүмкін», - дейді бұл тараптағы зерттеуге жетекшілік еткен Йасухиро Канакоги.

0 пікір
Мұрағат