Адам денесінен электр өндіріледі
Адам денесінен электр өндіріледі
3 жыл бұрын 2014 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нанотехнология саласындағы тыңнан түрен салатын зерттеулер медициналық қондырғыларда қолданылатын сыртқы энергия көздерін жаңғыртпалы энергия көздерімен алмастыру бағытында жетістікке жетіп келеді. Мұның жарқын мысалы ретінде таяуда Тел-Авив универистеті ғалымдарының нанотехнологиялық құрылғысын келтіруге болады. Ол механикалық күштің көмегімен түрлі ағзаларды белсендіру арқылы адам денесінің электр тогын генерациялауына мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге Шмунис атындағы биомедицина және онкологиялық зертттеулер мектебінің профессоры Еһуд Газит жетекшілік етті, сондай-ақ, Флейшман атындағы инженерлік факультеттің материалтану және инженерия факультеті, жаратылыстану факультеті әрі Наноғылым мен нанотехнология орталығынан мамандар атсалысты. Бұл зерттеуге, сонымен қатар, Реховоттағы Вейцман ғылыми институтының және Ирандиядағы, Қытайдағы, Австралиядағы бірқатар зерттеу институттарының мамандары тартылды. Ғалымдар коллаген секілді аса мықты биологиялық материалды қамтитын нанотехнологияның дамуын зерделеген болатын. Аталған материал улы емес әрі организм тініне зиянын тигізбейді. Ғалымдардың есептеуінше, жаңа технологияның көптеген салаларда болашағы зор, соның ішінде адам денесіне кіріктірілген, яғни, имплантталған медициналық құрылғыларға қажетті энергияны дененің табиғи қимылынан өндіруге мүмкіндік береді. Осы зерттеу нәтижесі үшін ғалымдар бұрын Еһуд Газит қолданбалы технология бойынша ұтып алған ERC ғылыми зерттеу грантын пайдалануға мүмкіндік берген екі бірдей ERC-POC грантына ие болды. Ғалымдар өздерінің теориясын тексеріп көру үшін жасанды материалдан нанометрикалық құрылым түзіп, оны осы заманғы озық нанотехнология құралдары арқылы механикалық қысымға ұшыратып көрген екен. Нәтижесінде аталған материалға көрсетілген қысымнан электр тогы мен кернеу пайда болған. Жүздеген наномтерлік шағын құрылымдар пьезоэлектрлік қасчиеттердің ең жоғары деңгейін көрсеткен, мұндай пьезоэлектрлік материалдар жоқ емес, бар, алайда, олар нарықта кездескенімен медициналық мақсатта қодануға жарамсыз, өйткені, олардың құрамында қорғасын кездесетіндіктен адам организіміне де, қоршаған ортаға да зиянды болып келеді. Бұл жаңалықтың маңыздылығы мен өзектілігі неде? Ол өте шағын медициналық құрылғылардың өзінше қозғалтқышы ретінде қызмет атқарады. «Мәселен, мұндай материалдан жасалған құрылғы кардиостимулятор секілді, уақыт өткен сайын ауыстырып тұруды қажет ететін имплантантты энергиямен қамтамасыз ететін батареяны алмастыра алады. Жүрек қағысы, жақтың ашылып-жабылуы, т.б. ұдайы қайталанатын дене қимыл-қозғалыстары құрылғыны электрмен қуаттап, имланттың қызметін белсендіріп отырады»,- деп түсіндірді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат