Адам айлап ұйықтай ала ма? Ғалымдар тұжырым жасады
Адам айлап ұйықтай ала ма? Ғалымдар тұжырым жасады
5 жыл бұрын 3030 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамды да күн суытып, қыс түссе көктемге дейін ұйқыға кететін аю секілді қалың ұйқыға шомдыруға болады. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген Цукуба университетінің ғылыми ізденіс нәтижесі Nature мерзімді басылымында жарияланды.

Адам гибернация режиміне енуі үшін оның миындағы нейрондарды белсендіру керек. Жапон ғалымдары кеміргіштерге тәжірибе жүргізіп көрген екен: жануардың жүйке жүйесінің жасушаларын жасанды жолмен белсендіріп, қысқы ұйқы жағдайына келтірген. Қалың ұйқы күйіне енген сүтқоректінің дене температурасы күрт төмендейді, бұл өз кезегінде зат алмасу процесін (метаболизм) баяулатып, ұзақ уақытқа энергияны үнемдеуге көшеді - денесіндегі қор таусылғанда организмге ұйқыдан тұрғанша қуат беретін. Орталық жүйке жүйесі термореттеу процесіне қатысады. Ал Цукуба жоғарғы оқу орнында тәжірибе жасалған тышқандарға келсек, олар ұйқыға кеткен жоқ, есесіне селт етпей мелшиіп қалған болатын. Бұл арада генетикалық тұрғыдан модификацияланған тышқандар турасында сөз болып отыр – олардың химиялық затты немесе жарықты пайдалана отырып, Q-нейроны деп аталатын гипоталамустегі нейрондар жиынтығын белсендірген болатын. Нәтижесінде нейрондары белсендірілген тышқандардың белсенділігі жоғалып, дене температурасы 30 °C-тан төмен түсіп кеткен болатын, бұдан бөлек, олардың тамыр соғысы баяулап, зат алмасу процесі бәсеңдеген, т.б. Олар екі тәулік, яғни, 48 сағат бойы осындай күйден шыға алмады. Содан кейін қалпына келген еді. Жасанды жолмен мұндай күйге енген тышқандардың бойынан тәжірибенің кері әсері байқалмады. Ұйқыға кетпей-ақ осындай ұйқыдағы күйге ену – реттелетін гипометаболизмнің нейрондық тетігін түсіну бағытында жасалған елеулі жетістік болды. Ғалымдардың айтуынша, адам организімін гибернация режиіміне жасанды жолмен қосуды медициналық мақсаттарда пайдалануға болады, яғни , түрлі кеселдерді табиғатын ашу, емдеу жолдарын іздестіру шараларына септігін тигізбек.

0 пікір
Мұрағат