2-ші типті сусамырдың даму тетігі анықталды
2-ші типті сусамырдың даму тетігі анықталды
3 жыл бұрын 2179 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Лид университетінің ғалымдары соңғы жылдары түрлі факторларға байланысты кеңінен тараған  екінші типті сумардың даму тетіктерінің құпиясын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдарға бұл тарапта сау организмге қан құрамындағы инсулин деңгейін реттеуге көмектесетін, амилоидті полипептид деп аталатын hIAPP молекуласындағы өзгерістерді қалт етпей қадағалаудың сәті түскен. Бұған қоса, олар hIAPP молекуласының амилоидқа айналу процесін бақылауға қабілетті, молекула модуляторы (molecule modulators) ретінде алға шығатын екі қосындыны тапты. Қосындылардың біреуі аталмыш молекуланың амилоидқа айналу процесін тездетсе, екіншісі баяулатады. Мамандар осынау жаңалықтың арқасында молекула модуляторын сусамырдың даму тетігін тереңірек білу үшін әрі амилоидтік фибрилдің дамуын тоқтататын немесе бақылауға мүмкіндік беретін жаңа дәріні жасау үшін пайаланатын болады. 

Ұқсас материалдар:

«Ауыздағы дәм арқылы анықталатын сусамыр белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzdagy-dam-arqyly-anyqtalatyn-susamyr-belgisi-ataldy-16377/#gsc.tab=0);

«Сусамырдың ерекше белгісі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/susamyrdyn-erekshe-belgisi-aityldy-16376/#gsc.tab=0);

«Бүгін - дүниежүзілік сусамырмен күрес күні: Сусамыр қатерінің тағы бір факторы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bugin-duniejuzilik-susamyrmen-kures-kuni-susamyr-qaterinin-tagy-bir-faktory-anyqtaldy-16033/#gsc.tab=0);

«Екінші типті сусамырдан алғаш рет құлан таза айықтырды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdan-algash-ret-qulan-taza-aiyqtyrdy-15979/#gsc.tab=0);

«Екінші типті сусамырды дәрісіз емдеу тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tipti-susamyrdy-darisiz-emdeu-tasili-tabyldy-15869/#gsc.tab=0);

«Қазақстан сусамыр дерті бойынша Орта Азияда бірінші орынға шыққан» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qazaqstan-susamyr-derti-boiynsha-orta-aziyada-birinshi-orynga-shyqqan-1771/#gsc.tab=0);

«Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/darigerlerdin-susamyr-dertine-qatysty-diagnoz-qoyudagy-en-basty-qateligi-anyqtaldy-9245/#gsc.tab=0);

«Ойламаған жерден ашылған жаңалық сусамыр дертін емдеуде төңкеріс жасайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/oilamagan-jerden-ashylgan-janalyq-susamyr-dertin-emdeude-tonkeris-jasaidy-14239/#gsc.tab=0);

«Екінші типтегі сусамыр мен бауыр фиброзын «істен шығаратын» тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ekinshi-tiptegi-susamyr-men-bauyr-fibrozyn-isten-shygaratyn-tetik-tabyldy-14233/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/galymdar-susamyr-dertin-anyqtaityn-mikrochip-oilap-tapty-426/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат