2 минутта суасты кемесіне айналатын қайық жасалды (видео)
2 минутта суасты кемесіне айналатын қайық жасалды (видео)
3 жыл бұрын 1911 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британиялық SubSea Craft компаниясы әлемде тұңғыш рет VICTA жүрдек катерінің прототипін суға жіберді. Оның ерекшелігі сонда – ол су астына сүңгіп, суасты кемесінің функциясын да орындай алады. Бұл жайында islam.kz порталы janes.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гибридтік кеме Хэмпширдегі Портсмутте орын тепкен аталмыш компанияның штаб-пәтерінің жанында сынақтан өтті. Мұндағы мақсат кеменің тепе-теңдігін қаншалықты сақтай алатындығын тексеруге саяды. Өзге қайықтарға қарағанда VICTA концепциясы су бетімен жүзуді де, бір платформа шегінде суасты аппаратын да ұйғарады. Негізінен бұл жүрдек катер су астынан жау аумағына әскери жүзушілерді байқатпай әрі шапшаң жеткізуге арналған. Осылайша әскерилердің өміріне қауіпсіз жолмен миссиясын орындауына мүмкіндік береді. VICTA сегіз әскери адамды тасымалдай алады. Су бетінде сағатына 55,6 шақырым жылдамдықпен жүзе алады – бір жүзгенде 463 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындыра алады. Ал су астынансағатына 14,8 шақырым жылдамдықпен жылжиды – бір жүзгенде 46,3 шақырымда артқа тастай алады. Қайықтан суасты кемесіне айналу үшін бар-жоғы екі минут уақыт кетеді. VICTA корпусы көміртекті композициялық материалдардан тұрады. Су бетінде қозғалуы үшін ол 725 аттың күші бар аса қуатты қозғалтқышты пайдаланады, ал суастында әрбіреуі 20 кВт қуатына ие екі электромотормен жылжиды. Катердің суасты тереңдігін көлденеңнан орналасқан төрт винттің көмегімен бақылап, өлшей алады.

 

0 пікір
Мұрағат