1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты
1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты
6 жыл бұрын 3735

Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірігіп, өнімділігі 5 есе жоғары жаңа картоп сұрпын сынақтан өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Зерттеу барысында жергілікті картоп тұқымы бір гектардан 30 тонна өнім берсе, жаңа сұрып – 150 тоннаға дейін өнім береді.

«Енді инвесторлармен бірігіп, жылыжай салуды көздеп отырмыз. Қала әкімінің де көп көмегі тиді: біздің оқу шаруашылығымыздың маңынан 10 гектар жер берді. Онда біз биотехнологияларға негізделген зертхана салып, картоптың жаңа сұрпын шығарамыз және оларды солтүстікқазақстандық шаруаларға сатамыз. Әзірге атын қойған жоқпыз, уақытша №6 деп атап жүрміз», – деп университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.

Фото: inform.kz

Оның айтуынша, зерттеу барысында алынған картоп университет асханасына берілген және оқытушылар бір келісін 40 теңгеден сатып алған.

«Дәмі өте жақсы деп мақтап жатыр, қытырлақ картоп пісіруге де ыңғайлы екен», – дейді ректор.

Университет жанында қытайлық, германиялық, оңтүстіккореялық және беларусьтық бірнеше халықаралық орталықтар жұмыс істейді. 4 жыл ішінде 1,2 млрд теңгеге шетелдік инвестиция тартылған.

0 пікір
Мұрағат