WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
7 жыл бұрын 4529

Әлемдегі ең танымал мессенджердің құрастырушылары дыбыстық хабарламада жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі hi-tech.mail.ru-ға сілтеме жасап. 

Бұл бұрынғы нұсқадан өзгеше болады деп күтілуде. Рush-to-talk дыбыстық хабарламасы 2013 жылы іске қосылған болатын. Содан бері ештеңе өзгермепті. Енді сервисте күрделі өзгерістер болмақ.

Қолданушы дыбыстық хабарлама жаза бастағанда WhatsApp микрофонның орнына жаңа шығып тұратын интерфейс болады.

 

Секундқа жетпей қолданушы тоқтаусыз дыбыс жаза алады, яғни микрофонды саусақпен басып тұрудың қажеті болмайды. Сонымен қатар, бұрындары жазған хабарламаларды дыбыстық хабарлама жазып отырып, қарап отыруға болады. Жаңа жүйені қалай қолдану керектігі WABetaInfo сайтынан көруге болмақ.

Бірақ жаңа жүйеде шектеулер де болады. Дыбыстық хабарлама жазу барысында фотолар мен видеоларды көре алмайсыз. Сонымен қатар дыбыс жазу кезінде хабарлама жазып немесе басқа чатқа өтуге болмайды. Ондай жағдайда сіздің дыбыстық хабарламаңыз өшіп қалады. Қазіргі уақытта жаңа функция тестілеуден өтіп жатыр.

Мессенджерді жаңарту кезінде іске қосылмақ. 

0 пікір
Мұрағат