Украиналық ғалымдар түсімі мол пияздың жаңа сортын шығарды
Украиналық ғалымдар түсімі мол пияздың жаңа сортын шығарды
1 ай бұрын 452 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Украина ғалымдары түсімінің молдығымен ерекшелетін пияздың жаңа түрін шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы EastFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пішіні өзгеше, дәлірегі, сопақша келген пияз түрін Украинаның ұлттық аграрлы ғылым академиясының жеміс-жидек пен бау-бақша институтының білікті мамандары шығарған. Экономика ғылымдарының кандидаты, аталмыш жоғарғы оқу орнының аға ғылыми қызметкері Виктория Руд «Плантатор» мерзімді басылымында жариялаған мақаласында келтірген дерегіне сенсек, соңғы жылдары бұл ғылыми мекеменің білікті мамандары нарыққа сопақ пияздың бірнеше сорттарын, атап айтқанда, «Заграва», «Маяк» және «Буран» түрлерін ұсынған. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бойынша аталған сорттар жалпы түсім бойынша «Гармония» эталондық сортынан 11-32% -ға, ал тауарлық түсім бойынша 24-53% -ға асып түскен. Виктория Рудтың айтуынша, өндіріске пияздың жаңа сорттары мен гибридтерін енгізу технологиялық тәсілдерді жаңартуды талап етеді. Институтта тамшылатып суаруды пайдалана отырып өсірудің кассеттік технологиясы әзірленді, сондай-ақ, ауыспалы егісті жетілдіру, минералдық тыңайтқыштарды енгізуді оңтайландыру және өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау жүйелерін жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

0 пікір
Мұрағат