Түріктердің беспилотниктермен күреске арналған жаңа жүйесі (видео)
|
Түрік инженерлері кейінгі кезде қауіпті қаруға айналған ұшқышсыз ұшатын аппараттармен тиімді күресуге мүмкіндік беретін жүйе ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Samsun Yurt Savunma (SYS) тобындағы роботтандырылған технологияларға, автономды жүйелерге және электромеханикалық шешімдерге маманданған компаниялардың бірі - UNIROBOTICS дронға қарсы жүйесін (Counter-Unmanned Aerial Systems/C-UAS) сынақтан сәтті өткізді. CANIK M2 QCB автоматымен жабдықталған TRAKON қашықтан басқарылатын қару-жарақ жүйесі C-UAS қажет болатын операцияларда ерекше тиімді. Озық технология құрлық және теңіз миссияларында маңызды, сондай-ақ, түрлі қауіп-қатерден жан-жақты қорғай алады. Радиолокаторлардың интеграциясының арқасында TRAKON жүйесі дрондар тарапынан қауіп-қатердің кез келген түрінің бетін қайтаруға қабілетті. TRAKON нысананы автоматты түрде қадағалау немесе бақылау, ұрыс барысын жоспарлау, аатысты басқару жүйесін жетілдіру секілді мүмкіндігін кеңейте отырып, пайдалануға қолайлы жағын арттырып, түрлі әскери басқару жүйелеріне кіріктіруге болады. Бұл жүйе шапшаң әрі дәл жауап қатуға көмектеседі. CANiK M2 QCB, 12,7x99 мм калибрлі пулеметпен жабдықталған TRAKON әлемдегі ең төмен шашыраңқы, жоғары тұрақтылық, атуды басқару жүйесі мен электронды-оптикалық инфрақұрылымның арқасында бәсекелестерден айтарлықтай артықшылықтарға ие.