Түрік қыздары ерекше беспилотник құрастырды
Түрік қыздары ерекше беспилотник құрастырды
3 жыл бұрын 2411 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Анкара қаласындағы университеттің аэронавтика қауымдастығына мүше бес студент  өзгеше беспилотник құрастырып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл беспилотникті орман өртін сөндіруге де, әскери тапсырмаларды орындауға да болады. Аталмыш конструкцияның ең басты артықшылығы – әуеде жерге қонбай алты сағатқа дейін бола алады. Сондай-ақ, ол жаудың әуе қорғаныс жүйесіне көрінбейді, яғни, оны байқамайды. Осы беспилотниті құрастырған Рәбиа Туана Атак, Шейманұр Сыртлы, Бейза Нұр Бүкапрак, Дүйгі Нұр Кыбар, Ұмахан Шахин қыз студенттерге өз біліктілігін арттыруға, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламаға қатысады. Олардың барлығы ел болашағының авиациямен байланысты дамитынын алға тартып, осы салада өздерін жетілдіруге бел байлап отыр. Әлбетте, түрік студенттерінің мұндай жетістікке жетуіне қорғаныс өнеркәібінде елеулі қадам жасаған аталған елдің қорғаныс саласындағы батыл бастамалары сеп болып отыр.



0 пікір
Мұрағат