Цифрландыру процесі қағаз өндірісін азайтты ма
Цифрландыру процесі қағаз өндірісін азайтты ма
28 күн бұрын 804 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jason Lee / Reuters

Бүгінгі таңда цифрландыру науқаны қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын өмірдің барлық дерлік саласына белсенді түрде енгізілуде. Соған қарамастан күллі әлем бойынша қағаз тұтыну деңгейі көтеріліп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы baigenews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни, елу жыл бұрын жыл сайын шамамен екі млн тонна қағаз пайдаланылса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш жылына 400 млн тоннаға жеткен. Соңғы бес жылда қағаз тұтыну деңгейі 26%-ға өскен. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бір ағаштан А4 форматындағы қағаздың 16 қаптамасы өндіріледі. Ақпарат және имиджді басқару қауымдастығының (АИИМ) статистикалық мәліметіне сәйкес 17 ағашты отаудан құтқару үшін бір тонна қағаз қайта өңделуі тиіс. Бір тонна қағазды өңдеу өз кезегінде үш текше метр жерді, 26 мың литр суды, 240 литр отынды және сағатына 4000 кВт электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Нақты дерек бойынша бір тәулік ішінде құжаттарды әзірлеу үшін пайдаланылатын қағаздың 45%-дан астамы қоқысқа тасталады екен. Қағазды сақтап, табиғатқа ұқыптылықпен қарату мақсатында Қазақстан біртіндеп кеңсе жұмысын электрондық нұсқаға көшіруде. Мәселен, Қарағанды облысында жергілікті атқарушы органдар 178 мемлекеттік қызмет пен 140 шағын түрін көрсетуде, олардың 92,7%- ын тұрғындар электронды форматта ала алады. Бүгінгі таңда азаматтар мемлекеттік қызметтің 10 түрін ғана қағаз түрінде алады. Бұдан бөлек, елімізде қағаз өңдеу кәсіпорны іске қосылған. Ұлттық статистика бюросының мағлұматынша, өткен жылы республика бойынша 4 млн тоннадан астам қалдық жиналды. Жиналған көлемі бойынша екінші орында картон және қағаз қалдықтары (120 мың тонна – өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп) тұр.

0 пікір
Мұрағат