Тәліптер елдегі барлық саяси партиялар қызметіне тыйым салды
Тәліптер елдегі барлық саяси партиялар қызметіне тыйым салды
1 жыл бұрын 1287 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ebrahim Noroozi/AP

Ауғанстан билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында насихаты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) елдегі барлық саяси партиялардың қызметін тоқтатты әрі қатаң тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әділет министрі Әбдіхакім Ысқақзай мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ауғанстандағы саяси партиялардың қызметіне қатаң тыйым салынады, өйткені, олар шариғат талаптарына қайшы және халықтың мүддесін қорғамайды <...> Сонымен қатар, Ауғанстан халқының өзі де бұл партиялардың қызметіне мұқтаж емес» деп мәлімдеді ол. Сарапшылар тәліптердің саяси партияларды өз жүйесіне қатер төндіретін факторлардың бірі ретінде санайтынын алға тартып отыр. Міне, осындай себеппен олардың қызметіне тыйым салып отыр. Тәліптер билік басына келгелі екі жылдан астам уақыт өтсе де әлемнің бірде-бір елі олардың заңдылығын ресми мойындаған емес. Бірнеше себеппен. Соның ішінде әйелдердің білім алу құқығын шектегені үшін.

0 пікір
Мұрағат