|
Қырғызстанда ЛГБТ насихатына тыйым салынды
|
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балаларды теріс ақпараттардан, соның ішінде бір жыныстылар қатынасының насихатынан қорғайтын заңға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған мемлекет басшысының баспасөз қызметіне жөн сілтеген golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес егер ақпаратта отбасылық және дәстүрлі әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығару белгілері болса немесе туыстарына құрметсіздік білдіретін болса, мұндай ақпараттар да балалар үшін зиянды болып саналады. Сонымен қатар, заң балаларды өз-өзіне қол жұмсауға, есірткіге, темекі мен алкоголге, құмар ойындарға, жезөкшелік пен қайыр тілеуге итермелеуге тыйым салады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады