"Талибан" қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстар тізімінен шығарыла ма? - СІМ жауап берді
"Талибан" қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстар тізімінен шығарыла ма? - СІМ жауап берді
1 жыл бұрын 940 stan.kz

Ауғанстанмен қарым-қатынасты дамыту аясында тәліптерді Қазақстанда тыйым салынған қозғалыстар тізімінен шығаруға бола ма? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Талибан" қозғалысына Қазақстанда Жоғарғы соттың шешімімен тыйым салынған. Алайда тамыз айында Астанада Қазақстан – Ауған бизнес форумы өтеді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамып келе жатқанын ескере отырып, Қазақстан тәліптерді мойындап, қозғалысты тыйым салынғандар тізімінен шығаруды жоспарлап отыр ма?” деген журналистің сұрағына Қанат Тумыш өз жауабын берді.

"Бұл мәселе халықаралық қауымдастықпен, серіктестерімізбен және әріптестерімізбен келісілетін болады. Әзірге тиісті консультациялар жүргізіп жатырмыз және хабарламамызды мерзімді түрде жаңартып отырамыз. Мұндай мәселе келісіліп жатыр, бірақ оны күн тәртібіне шығару немесе енгізбеу үшін қосымша шешімдер қабылдау қажет", – деп жауап берді Қанат Тумыш.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанда сұлулық салондары жабылып, 60 мың әйел жұмыссыз қалғаны туралы жазған едік.

0 пікір
Мұрағат