Сот-медициналық сарапшылар енді аяқ киімінің фотосы арқылы адамның кім екенін анықтай алады
Сот-медициналық сарапшылар енді аяқ киімінің фотосы арқылы адамның кім екенін анықтай алады
6 ай бұрын 731 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стаффордшир университетінің ғалымдары Батыс Йоркшир полициясымен бірге күдіктілердің аяқ киімін тексеруге негізделген жаңа криминалистикалық әдісті әзірлеуде. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш жоғарғы оқу орнының сайтына (staffs.ac.uk) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киімдерден айырмашылығы - аяқ киім пайдалану кезінде көп деформацияланбайды, яғни, өзгеріске ұшырамайды, алайда, кей тұстары тозады. Полиция қолында күдіктінің аяқ киіміне ғана қатысты ақпарат болса, бейнеде басқа белгілері көрінбейтін адамды аз уақыт ішінде анықтай алады. Аяқ киім алдымен сканерден өткізіледі. Адамның аяқ киімі айналмалы стендке қойылып, барлық жағынан суретке түсіріледі, содан кейін жүйе суреттерден 3D үлгісін жасайды. Оның көмегімен кез келген бұрыштан және жарықтандырудан аяқ киімнің бейнесін алуға болады. Түсірілім екі режимде жүзеге асырылады: қалыпты жарықта және инфрақызыл диапазонда, өйткені, қауіпсіздік камераларының көпшілігі түнде жұмыс істейді. Полицияда камералық жазбалар болса, суретті дерекқордағы суретпен салыстырып, оның сол адам екенін жоғары дәлдікпен анықтау мүмкіндігіне ие болады. Жаңа жүйенің сынақ жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Аяқ киімді сканерлеу үшін сізге 650 доллар тұратын жабдық пен бар-жоғы 30 минут уақыт қажет, сондықтан мұндай жүйе кең таралып, полицияда күдіктілердің аяқ киімдерінің бүкіл әлемдік дерекқоры пайда болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат