Смартфонды сымсыз, контактісіз қуаттайтын тәсіл табылды
Смартфонды сымсыз, контактісіз қуаттайтын тәсіл табылды
3 жыл бұрын 1680 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Токио университетінің ғалымдары ноутбук, планшет немесе смартфон секілді құрылғыларды сымсыз қуаттай алатын, яғни, розетканы пайдаланбай зарядтай беретін бөлме жасады. Дәлірегі, бұл бөлмеде энергия ауа арқылы берілмек. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзі мен бұл татаптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Electronics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған тың технология ғимараттағы адамдарға немесе жануарларға зиянын тигізетін электр алаңынсыз үлкен қашықтан магниттік алаңды пайдалануды ұйғарады. Ғалымдардың айтуынша, аталмыш жүйе бір бөлмелі ғимаратта сынақтан өткізіліп, адамға зияны жоқ деңгейдегі магниттік алаң арқылы 50 Вт қуатымен қамтамасыз ете алады. Бұл жүйе бойынша бөлме ортасында діңгек орнатылады – магниттік әсер бөлменің әр бұрышына жетуі үшін. Десе де бұл технология әлі жетілдірілу үстінде екенін айтқымыз келеді. Дәлірегі, бұл технология wi‑fi секілді жұмыс істемек. Аталған зерттеуге атсалысқан Мичиган жоғарғы оқу орныныңАлансон Сэмпл есімді ғалымның сөзіне қарағанда, бұл технологияны медицинада, мәселен, жүрек имплантын қуаттауда пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат