Шектен тыс ақпараттың қауіптілігі айтылды
Шектен тыс ақпараттың қауіптілігі айтылды
9 ай бұрын 1047 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың бір тобы қоршаған ортаның ластануының бір түріне шектен тыс ақпаратты жатқызуды немесе «деректердің ыс-жалыны» деп аталатын жаңа түрін тануды қолдайтын хат жариялады. Аталмыш хат мәтіні Nature Human Behavior мерзімді басылымының сайтында жарияланған. Бұл жайында islam.kz порталы апарат қаупінің қысқаша шолуы жарық көрген Phys.org сайтындағы пресс-релизге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта шектен тыс ақпаратты қоғамдағы өзге құбылыстармен салыстырды. Мәселен, мыңдаған мақаладан алынған деректерді сапасыз өңдеу етек алып кеткен. Осындай ақпараттарды сүзгіден өткізу қажеттілігі туындайды. Өнеркәсіптік дүмпуден немесе индустриялық революциядан қоршаған орта орасан зор зардап шегуде. Бұл жайт өз кезегінде экологиялық реттеу қажеттілігін тудырып отыр. Қоршаған ортаның ақпаратпен ластану деңгейін төмендету үшін осыған ұқсас шаралар қолға алынуы тиіс. Бұдан бөлек, шектен тыс түрлі ақпарат адам психикалық және жалпы денсаулығына кері әсер етуде. Бұл қоғамдағы құндылықтардың құлдырауына, қоғамның азып-тозуына әкелуде.

0 пікір
Мұрағат