Шаштың ағаруымен күресудің бір тәсілі айтылды
Шаштың ағаруымен күресудің бір тәсілі айтылды
5 жыл бұрын 2779 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік дәрігер-трихолог Ольга Кохасо шаштың ағару процесін тоқтататын немесе тежейтін тәсілді атады. Бұл жайында «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігі хабар таратты. Медицина сарапшысы Sputnik радиосына берген сұхбатында шаштың ерте ағаруына осы заманға тән қарбалас өмірден болатын стрестің себеп болатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, кейбіреулер ақ шалған шашын талдап жұлып жатады. Бұл дұрыс емес. Өйткені, шаштың ағару процесі басталды ма, оны тоқтату қиын. Стресс адам қанының спазмына әсер етеді, осыдан барып қан айналымы бұзылады әрі жасушалар қызметін дұрыс атқармайды. Шаштың ағаруын баяулататын немесе тежейтін тәсілдер бар, алайда, олар әмбебап емес, тек белгілі бір жағдайларда ғана оң әсерін тигізе алады. «Темір тапшылығынан организмде мыс мөлшері азаяды. Мыс жасушалардың пигмент бөлуіне ықпал етеді. Шаштың ағару процесі организмде мыс тапшылығынан орын алса, оны тоқтатуға болады»,- деді ол. Яғни, организмді аталған элементпен толықтыра арқылы шаштың ағаруынан құтылуға болады.

0 пікір
Мұрағат