Шариғат шәлісін жамылған әйел неке қидыруға қатысты өз шартын қойды. Және қандай шарт десеңізші?! (ВИДЕО)
|
Сәлуа әл-Мутайри есімді Кувейт тұрғыны видео арқылы өзінің тұрмыс құрғысы келетінін, алайда, неке қидырмас бұрын болашақ жарына қоятын шарттары барын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, екі шартын орындаған кез келген адамның етегінен ұстауға дайын екенін жеткізді. Біріншісі: некесі шариғат талаптарына сай қиылуы тиіс. Екіншісі... перзент сүюге қатысты. Тарқатып айтқанда, ол ер адамдарды ұната бермейтінін, тіпті, жиіркенішін тудыратынын жасырмайды, сол себепті де баланы жасанды жолмен көтергісі келетінін шарт етіп қояды. Оның бұл видеоролигі әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Ғаламтор пайдаланушылар оның бұл талабын орынсыз, тіпті, ерсі көрсе, енді біреулері ер адамды жеккөрушілік сезімі бала сүюге кедергі келтірмеуі керектігін алға тартып отыр.