|
Шала ұйқының адам өмірін қысқартатыны белгілі болды
|
Түрлі ауруларға қарсы тұруда, организмнің қартаю процесін тежеуде, сондай-ақ, адам ғұмырын ұзартуда түнгі ұйқының орны бөлек. Бұл жайында islam.kz порталы SLEEP Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орегон ғылым және денсаулық университетінің ғалымдары CDC деректері мен 2019–2025 жылдар аралығындағы адам ғұмырының ұзақтық көрсеткіштерін талдай келе осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдар бұл тарапта он мыңдаған адамның мәліметтерден сараптамадан өткізген екен - шала ұйқының (жеті сағаттан кем) денсаулыққа кері әсеріне үңілген. Ұйқысы шала аймақ тұрғындарының ғұмыры ұйқысы қанық аймақ тұрғындарына қарағанда едәуір қысқа болатынына көз жеткізген. Шала ұйқы, тіпті, шылым шегу, ішімдік ішу секілді жат әдеттерден де зиянды болып шықты. Бұл тарапта адамдардың табыс деңгейі, медициналық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері және өзге де денсаулыққа залалы ауыр факторларды ескерген екен. Түнгі ұйқы жүрек-қан тамыр жұмысында, иммундық жүйеде, т.б. маңызды рөл ойнайды.