Шала туған шараналарды жетілдіретін жасанды құрсақ жасалды (видео)
Шала туған шараналарды жетілдіретін жасанды құрсақ жасалды (видео)
1 жыл бұрын 1212 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Барселона ғалымдары шала туған шақалақты жетілдіретін жасанды құрсақ жобасын қолға алған еді. Құрылғыны қозыларға сынап көрген екен, олар онда 12 күн өмір сүре алған. Бұл бағыттағы сынақ өзге де жануарларға жүргізіледі. Егер бәрі ойдағыдай болса, жатырды бірнеше жылдан кейін адамға сынап көрмек. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз шала туған шаранына ананың денесінен тыс болғанымен оның дамуына қажетті табиғи ортаны қайталайтын, яғни, жетілуіне мүмкіндік беретін жүйені әзірледік. Ол кіндік арқылы тыныс алуды және қоректенуді жалғастыруы керек, сонымен қатар, температурасы тұрақты сұйықтықта өмір сүруі керек», - деді өзгеше жоба жетекшісі Едуард Гратакос. Жасанды жалқақ, яғни, жасанды плацента биологиялық тұрғыдан жатырқамайтын, яғни, организммен үйлесетін мөлдір материалдан жасалған. Ол амниотикалық сұйықтықтың айналым жүйесіне қосылған. Аппарат ішінде ұрық сыртқы тітіркендіргіштерден қорғалған, ал ғалымдар оның дамуын ультрадыбыстың көмегімен бақылай алады.

Ұқсас материалдар:

«Туу көрсеткіші төмендеп кеткен елде жасанды ұрықтандырудың нейрожелісі жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tuu-korsetkishi-tomendep-ketken-elde-jasandy-uryqtandyrudyn-neirojelisi-jasaldy-16352/#gsc.tab=0);

«Йемендік ғалым ұрықты жасанды жолмен өсірудің медициналық перзентхана тұжырымдамасын әзірледі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iemendik-galym-uryqty-jasandy-jolmen-osirudin-meditsinalyq-perzenthana-tujyrymdamasyn-azirledi-video-17847/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат