Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше жыл сайын жер шарында 15 миллионға тарта нәресте шала туылса, Қазақстанда әрбір оныншы бала айы-күні толмай, уақытынан бұрын өмірге келеді. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. Статистикалық деректер балалардың шала туылуы азаймай отырғандығын көрсетеді. Дегенмен де шақалақтардың өмірін сақтап қалу көрсеткіші артып келеді. Осыдан бес-алты жыл бұрын шала туған нәрестелердің тек жартысына жуығын аман алып қалу мүмкін болса, қазір бұл көрсеткіш анағұрлым артып, шақалақтардың 87-88 пайызы ширап кететін деңгейге жеткен. "Жыл сайын елімізде 250 мыңға тарта бала уақытына жетпей туады", - Қарағанды облыстық перинаталды орталықтың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Виноградская. Сөз орайы келгенде айта кету керек, шала туғандарға салмағы 1500 келіге жетпейтіндер жатқызылады. Шала туу көбіне жүктілік кезінде дұрыс күтінбеуден, инфекция түсуден, экологиялық ахуалдан, т.б. факторлар әсер етеді. Бала аман қалған күннің өзінде кейін оның денсаулығына кері әсері тимей тұрмайды. Шала туудан жылына шамамен 500 мың шақалақ шетінеп кетеді. Бұл перинаталдық өлім-жітімнің 10 пайызын құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)