Шағын ауыл тұрғыны күріш қалдығынан экологиялық кірпіш құяды
Шағын ауыл тұрғыны күріш қалдығынан экологиялық кірпіш құяды
5 ай бұрын 624 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанның Қызыл-Ұия деп аталатын шағын ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Табылдиев өзгеше құрылыс материалын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techxplore.comақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ол күріш қауызынан құрылыс блогының өндіріс технологиясын ойлап тапқан екен. Блок құрамына келсек, оның 60%-ы - күріш қауызы, ал қалған 40%ы - химиялық қоспаларсыз саз, цемент және желім. Шын мәнінде, бірегей, экологиялық жағынан таза құрылыс материалы пайда болды. Күріш қабығының құрамындағы кремнеземнің арқасында мұндай блоктар беріктігі жағынан бетоннан кем түспейді. Бес жыл ішінде Қырғызстанда осындай материалдан 300-ден астам үй салынды. Күріш блоктарынан жасалған үйлер қыста жылуды және жазда салқындықты жақсы сақтайды, бұл ретте өрт қаупін тудырмайды. Яғни, өрт қаупі туындағанда ағаш секілді тез тұтанбайды. Ереекше құрылыс материалы бірқатар елдің мамандарының наазарын өзіне аударды. Әрі арзан, әрі экологиялық таза кірпіштің ең басты артықшылығы – құрамында цемент мөлшері өте аз. Ал цемент өндірісінен күлл әлем бойынша жыл сайын атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының 8 %-ы бөлінеді. Бұдан бөлек, қоршаған ортаны ластайтын күріш қауызы кәдеге жаратылады, екіншіден, цемент өндірісінен келетін зиянды азайтады. Бір ғана Үндістандағы қоқыс алаңдарында жылына шамамен 32 млн тонна күріш қалдығы шіриді.

Рисовый кирпич

0 пікір
Мұрағат