Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды
Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды
5 жыл бұрын 5028 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамға айналасындағылардан артық салмағы бар достары мен туған-туыстары санадан тыс деңгейде өз әсерін тигізеді. Яғни, артық салмақ қосқандар төңірегіндегілердің де семіруіне себеп болады. Әлемнің әр елінен жиналған ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр, соның ішінде ағылшындардың Уорик қаласындағы университет ғалымдары бұл әлеуметтік дертті «имитациялық семіру» деп атап отыр. Ғалымдар осы бағытта семіздік індеті жайлаған еуропалық елдерден 27 мың адамды жан-жақты зерттеп көрген екен. Десе де Семіздікті зерделеу жөніндегі британиялық ұлттық ұйым жетекшісі Дэвид Хаслам аталған дерттің тамыры тереңде жатқанын, яғни, әлдеқайда күрделі себебі барын алға тартып отыр. Оның айтуынша, семіздік ең алдымен әлеуметтік дерт, бәз біреулер айтып жүргендей құнарлы тағам өнімдері мен қимыл-қозғалысы аз өмір салты емес. Десе де құнарлы тағам мен қимыл-қозғалысы аз өмір салтының семіздікке басты себепші болып отырғанын жоққа шығара алмайсыз.  Яғни, семіздік физиологиялық емес, әлеуметтік проблема. Семіздік проблемасының індет аталуына осы әлеуметтік сипаты қаперге алынып отыр.

Қарай отырыңыз: "Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат