|
Саяхатшыларға арналған ғарыш кемесі жұрт назарына ұсынылды (видео)
|
АҚШ-та Virgin Galactic компаниясы SpaceShipTwo атты жаңа ғарыш кемесінің тұсауын кесті. Кеме ғарышқа барғысы келетін саяхатшыларға арналған. Бұрынғы құрылғы 2014 жылғы сынақ ретіндегі ұшудан кейін қайта жаңартылған. Бұл туралы russian.rt сайты жазды. Қазіргі құрылғы бұрынғысынан әлдеқайда қауіпсіз. Ғарыш кемесін басқару автоматтандырылған. Кеменің қозғалысын компьютер бақылайды. Жаңа кеменің сынақтан қашан өтері белгісіз. Бірақ оған дайындық осы жылдан басталатыны белгілі болды. Кеме 8 адамға шақтап жасалған. Оның екеуі экипаж мүшесі болмақ. Ғарыш кемесімен саяхат жасауға ниет білдіргендердің арасында Том Хэнкс пен Анджелина Джоли да бар. Ал бұл кеменің бортына мінгісі келетін туристердің саны 800-ден асады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)