Саусақ ізіңіз де, бет әлпетіңіз де қажет емес. Болашақта жүйе сізді қалай танитын болады
|
Сарапшылардың айтуынша, болашақта парол – өткен ғасырдың еншісінде қалып, биометриялық аутентификация (шынайылықты анықтау) тәсілі де ескіретін болады. Бүгінгі күні қолданылып жүрген әдеттегі тәсілі турасында сөз болып отыр бұл арада. Келешекте биометриялық аутентификатор комбинациясы (жиынтығы) қолданылатын болады. Технологиялық жетістіктерге байланысты қолданысқа енгізілетін бұл көп қырлы биометрия адамның саусақ ізін, даусын, бет-әлпетін, көз қарашығын, жүріс-тұрысын тануды қамтитын болады. Былайша айтқанда, адамның барлық физиологиялық ерекшеліктерін бір комбинациямен тану жүйесі қолға алынады. Ол ол ма, адамды тану жүйесі адамға білдіртпей оның кім екенін анықтайды. Яғни, саусақ ізіңіздің сәйкес келетініне мүдделі тараптың, яғни, тексеруші жақтың талабы бойынша көзін жеткізу үшін саусағыңызды арнайы құрылғығағ яғни, сенсорға қойып жатпайсыз. Немесе үн қатып, дауыс шығармайсыз. Оның орнына биометриялық факторлар автоматты әрі тұрақты түрде жүйенің қажет етуіне қарай тіркеп отырады. Яғни, адам қалай пайда болады, аталмыш жүйе солай іске қосылады. Адам тану машинасының алгоритмі жақын маңдағы Bluetooth немесе Wi-Fi желісінен сигналды қағып алып, тұлғаның, мәселен, смартфонда әріп теру секілді әдет-дағдыларын, т.б. мінез-құлықтың тұтас спектірін талдайтын болады. Айта кету керек, мұндай биометрия әлемнің кей банктері мен қаржы мекемелерінде жұмыс істейді. Яғни, клиенттің қалт еткен қимылын қадағалайды. Көп ұзамай бұл жүйе барлық салада қолданылады.