Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді
Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді
10 жыл бұрын 2750 Stan.kz

Бапкердің жүрегі, бауыры, екі бүйрегі  донор күтіп жатқан төрт науқасқа салынды. Ота сәтті аяқталып, төрт адамның өмірі сақталды. Ханце  жұма күні  Рио-де-Жанерода жол көлік оқиғасына тап болып, басынан қатты жарақаттанған болатын.

Неміс су спорты құрамасының  бапкері  Штефан Хенце  Рио-де-Жанеродағы Олимпиада ойындары кезінде  қайтыс болып, төрт науқастың өмірін сақтап қалды,- деп жазды РИА Жаңалықтары.

35 жастағы бапкер жол апатына ұшырағаннан кейін бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оның басына сол сәтте-ақ ота жасалған. Бірақ, дүйсенбі күні бапкер қайтыс болып кеткен. Хенценің жанында отбасы мүшелері болған.

Хенценің өзі каноэ-екіліктен 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

0 пікір
Мұрағат