Рессейлік ғалымдар ұнның жаңа түрін шығарды
Рессейлік ғалымдар ұнның жаңа түрін шығарды
1 жыл бұрын 1791 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kitreel / Shutterstock / Fotodom

Ақуыз бұлшықет пен организмнің өзге де тіндеріне қажетті әрі аса маңызды «құрылыс материалы» ретінде алға шығады. Тағам құрамында ақуыздың жеткілікті деңгейде болмауынан организмнің қажеттілігін өтей алмайды. Росбиотех ғалымдары тар жапырақты люпиннен маңызды элементтің жетіспеушілігінің орнын толтыра алатын пайдалы ұн жасады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар тар жапырақты люпин тұқымынан тағам өнеркәсібі үшін ақуызға бай ұн алу әдісін тауып патенттеді. Бұл өсімдік, сарапшылар түсіндіргендей, ақуыздың жоғары құрамымен ерекшеленеді және одан жасалған өнімдер әдеттегі тағамдарға пайдалы балама болады. Аталмыш технологияны ойлап тапқан ғалымдардың айтуынша,  жармадан ақуызға бай люпин ұнының жалпы шығымы кем дегенде 95 пайызды құрайтынын алға тарта келе кәдімгі бидай ұнындағы ақуыз мөлшері 45 пайыздан аспайтынын жеткізді. Мұндай ұн нан жабуда, тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдерде пайдаланылатын болады.

0 пікір
Мұрағат