Ресейлік бағдарламашылар жаңаруды қажет етпейтін AI бар антивирусты жасап шығарды
Ресейлік бағдарламашылар жаңаруды қажет етпейтін AI бар антивирусты жасап шығарды
7 ай бұрын 666 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенза мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) білікті мамандары машиналық оқыту технологиясына негізделген және интернетке қосылуды және ұдайы жаңартып отыруды қажет етпейтін алғашқы отандық антивирустың жасалғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Windows жүйесіне арналған антивирустың трояндардың, руткиттердің, сондай-ақ, компьютердің есептеу қуатын жасырын пайдаланатын бағдарламалық жасақтаманың жұмысын анықтауға қабілетті нұсқасы қазірдің өзінде әзір. Бұл антивирус өнімінде қолданылатын нейрондық желі Python тілінде жазылған. Ол компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдың әрекетін талдайды және зиянды кодты анықтау үшін жасанды зерде алгоритмдерін пайдаланады. Талмыш жоғарғы оқу орны жақын арада бағдарламаның Windows нұсқасын толығымен аяқтауды және күзде сертификаттауды жоспарлап отыр. Антивирус жазылу арқылы таратылады - заңды және жеке тұлғалар үшін де.

0 пікір
Мұрағат