Рамазанда соттардың мейлінше жұмсақ үкім шығаруға тырысатыны белгілі болды
Рамазанда соттардың мейлінше жұмсақ үкім шығаруға тырысатыны белгілі болды
2 жыл бұрын 1806 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Үндістан және Пәкістан секілді әлемнің кейбір елдерінде соттар қасиетті айда жаза басып, жаңылған айыпталушыларға мейлінше жұмсақ үкім шығаруға бейім тұрады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SBS дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейдегі экономикалық мектеп ғалымдары Үндістан мен Пәкістан соттарында соңғы 50 жылдағы қылмыстық үкімдер туралы деректерді сараптай келе осындай қызықты қорытындыға келді. Рамазан айында мұсылман қазыларының ақтау үкімдерінің «күрт және статистикалық маңызды» өсуі байқалды. Үндістан мен Пәкістанда ораза айында айыпталушылардың ақталу ықтималдығы жылдың қалған уақытына қарағанда 40% жоғары болып шыққан. Бұл тараптағы өзгеше зерттеуге атсалысқан Абнер Серордың айтуынша, Рамазандағы ерекше мейірімділік пен кешірімділік идеясы исламнан бастау алады. Бір қызығы, аталған зерттеу нәтижелері Израилдегі соттардың  басқаша әрекет ететінін көрсеткен - израилдік судьялар ашыққан кезінде ауыр үкім шығарады. Мұсылман қазылары үшін бұл көрініс керісінше - оразаның әр сағатында (ашыққан сайын) мейлінше жұмсақ үкім шығаруға бейім тұратыны анықталды.

0 пікір
Мұрағат