Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген (фото)
Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген (фото)
8 жыл бұрын 3207 stan.kz, People’s Daily Online

Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген. Наньчун қалалық округының маңындағы үңгірден жұбайлардың көшкісі жоқ.

383C9AC500000578-0-image-a-7_1473676920962

383C9ABC00000578-3785175-image-a-9_1473678333744 

81 жастағы Лян Цзыфу (Liang Zifu) мен 77 жастағы Ли Суин (Li Suying) үйлену тойынан кейін үңгірге қоныстанған. Себебі, олардың үй салуға мүмкіндіктері болмаған. Жарты ғасырдан аса уақытта жұп үңгірде үш жатын бөлме, ас үй және шошқа сарайын ыңғайластырған. Жұбайлардың осы үңгірде өскен төрт баласы бар.

Ақпаратқа қарағанда, жергілікті билік өкілдері жұбайларды райынан қайтаруға тырысқан. Алайда, 50 жылдан аса отасқан жұп бұл ұсыныстан бас тартқан. Зейнеткерлер қыста жылы, ал жаздың аптаған ыстығында салқын болып тұратын үңгірге үйреніп қалғандарын айтқан.

2015 жылдың қаңтарында американдық Ли Вочтстеттердің 7 жыл бойы круиз лайнерінде өмір сүргені хабарланған болатын. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің Флоридадағы үйін сатып, күйеуінің өлер алдындағы тілегін орындаған. Жолдасы Вочтстеттерге: «Ешқашан круизді тоқтатпа», – деген екен.

0 пікір
Мұрағат