Қытайдың Xpeng компаниясы әуе кемесін алып жүретін автокөлікті сертификаттауды бастады (видео)
Қытайдың Xpeng компаниясы әуе кемесін алып жүретін автокөлікті сертификаттауды бастады (видео)
9 ай бұрын 1022 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Xpeng компаниясының еншілес кәсіпорны AeroHT 2025 жылы ұшатын көлік туралы өз концепциясын ұсынбақ. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше тұжырымдама «Құрлықтағы әуе кемелері» (Land Aircraft Carrier, LAC) деп аталды. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл екі бөліктен тұратын модулді ұшатын автокөлік - алты доңғалақты жол талғамайтын фургон, оның ішінде X3-F ұшатын модулі, екі орынды eVTOL типті ұшақ орналастырылған. Ұзақ қашықтыққа қатынайтын, жол талғамайтын көлік 6WD қозғалтқышымен жабдықталған және жолаушылар мен жүктерді тасымалдай алады. Қосымша ұзындық қос артқы осьпен қамтамасыз етіледі, өйткені, орындықтардың екінші қатарының артында (ішкі бөлігі бес жолаушыға арналған) екі орын аумақты алатын ұшатын модул орналасатын бөлім бар. eVTOL X3-F – төмен биіктікте ұшуға арналған, толық электрлі, тігінен ұшып көтерілетін/қонатын ұшақ. Ұшу алдында оны жұмыс жағдайына келтіру керек. Панорамалық кабинада 170 градус көру бұрышы бар, бұл іздеу-құтқару жұмыстары үшін де, жай ғана әуе серуендері үшін де өте маңызды. X3-F алты негізгі электрлік ротормен жабдықталған. Ол қолмен және автоматтандырылған режимдерде ұша алады. Қазіргі уақытта ұшақ Орталық және Оңтүстік Қытай азаматтық авиация басқармасында сертификаттаудан өтіп жатыр. Келесі жылдың аяғына таман пайдалануға берілуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат