Қытайда сәулелі қару жасалды
|
Қытай бірнеше қуатты электромагниттік толқындарды біріктіріп, кейін оларды бір нысанаға шоғырландыратын микротолқынды қарудың жаңа түрін жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша қару-жарақ жүйесі микротолқындар беретін бірнеше көліктен тұрады. Оларды әр жерге орналастырады. Әрбір көлік құралы жоғары дәлдікті синхрондаумен микротолқындарды атады. Біртұтас шабуыл жасау үшін, қуатты энергетикалық сәулені қалыптастыру үшін бір мезгілде атады. Микротолқындар — біртұтас шоғырға айналдыру үшін теңестіруді қажет ететін энергияның тар сәулесі. Демек, олар атылған сәттен бастап, секундтың миллионнан бір бөлігіне дейін бақылануы тиіс. Әрбiр көлiк құралы, сондай-ақ, әр миллиметрге дейін нақты арақашықтықта дәл орналасуы тиiс. Қытайдың BeiDou спутниктік навигация жүйесі 1 сантиметр шегінде позициялау дәлдігін қамтамасыз етуге қабілетті, десе де ол әлі күнге дейін қару-жарақтың жаңа жүйесінің талаптарының үддесінен шыға алмайды. Әрбір көлік құралына лазерлік диапазон өлшегіш жүйесі бар қосымша позициялау құрылғылары миллиметрлік позициялау дәлдігіне қол жеткізу үшін орнатылғаны хабарланады. Актуацияны синхрондау 170 пикосекунд (немесе секундтың 170 триллионнан бөлігі) шегінде болуы тиіс. Салыстыратын болсақ, әдеттегі үй компьютері бір өңдеу циклін аяқтау үшін 330 пикосекунд уақыт алады. Қытай ғалымдары сәуле таратушы платформаларды олардың дұрыс синхрондалуын қамтамасыз ету үшін оптикалық талшықтарды пайдалана отырып байланыстырды. Қару-жарақ жүйесiнiң әрбiр автокөлiгiн ұтқыр командалық орталық тiкелей басқарды. Шаң мен ылғал толқындарды шашырататындықтан микротолқындар алыс қашықтықта жұмыс істей алмайды. Бұған қуатты арттыру есебінен қарсы тұруға болады, дегенмен, қазіргі уақытта аккумулятор батареяларының энергияның қажетті көлемін сақтауға жеткілікті қуаты болмағандықтан елеулі материалдық-техникалық қиындықтар туындайды. Десе де мұндай қару әзірге тиімсіз: қоршаған ортаның түрлі кедергі тударытан факторлары кез келген технологияның дәлдігі мен ұтқырлығын, жылдамдығын тежей алады.