Қытайда ең биік аспалы көпір ашылды (видео)
Қытайда ең биік аспалы көпір ашылды (видео)
2 ай бұрын 557 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Күйжоу провинциясы аумағындағы автокөлікке арналған Қуажан шатқалына тартылған аспалы көпір ресми түрде іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.mediа ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көпір мен түбінде Байпан өзені ағып жатқан шатқал тереңіне дейінгі арақашықтық 625 метрге жеткен. Осылайша Қытай алып құрылыстарымен тағы бір рекорд орнатты. Құрылысы табаны күректей үш жыл тоғыз айға созылған Қуажан шатқалындағы көпір жобасының құны 2 млрд юанға (280 млн доллар) жеткен. Көпір ұзындығы – 2,9 шақырым. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ьұл көпір шатқалдың мына басынан ана басына дейінгі айналма жолмен баратын жолды екі сағат екі минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай аймақтық инфрақұрылым көлік қатынасын жақсартып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң ықпалын тигізеді. Осы орайда биіктігі бойынша алдыңғы рекорд орнатқан көпірдің осы шатқалда екенін айта кетпекпіз: Дуга көпірі шатқал түбінен 565 биік орналасқан. Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, аталмыш провинцияда әлемдегі ең биік 100 көпірдің жартысы орналасқан.

 

0 пікір
Мұрағат