Қытай ғалымдары болашақтағы соғыстың сипатын өзгерту жолын тапты
Қытай ғалымдары болашақтағы соғыстың сипатын өзгерту жолын тапты
17 сағат бұрын 235 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары «болашақ соғыстардың сипатын түбегейлі өзгертуге» қабілетті, аса дәл сағат құра алды. South China Morning Post (SCMP) хабарлауынша, Бұл арада NIM-TF3 цезий атомдық  сағаты турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш басылымның жазуынша, биіктігі, 1,5 метр болатын, яғни, шағын тоңазытқыш көлеміндей сағатты әскери жүк көлігіне тиеп, соқпақты, ойлы-қырлы жолмен ұзақ уақыт тасымалданса да уақыт дәлдігінің ауытқу көрсеткіші бір секундтың квадриллион үлесінен аспайды. Бұрын мұндай құрылғы жасау мүмкін емес саналатын, өйткені, мейлінше дәл уақытты кез келген сыртқы әсерден барынша қорғалған зертхананың өзіне әзер сиятын атомдық сағат қана көрсете алуы мүмкін. Енді мұндай дәл сағатты өзіңмен бірге алып жүретіндей етіп жасай алған. Бұл ретте жаңа құралдың әлеуеті орасан зор – ол бір-бірінен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан радарларға жау ұшақтарын синхрондауға, яғни, анықтауға, электрондық соғысты жақсартуға және үлкен деректер беруге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат