Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі
Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі
7 жыл бұрын 10157 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай экономикасы туралы аңызға бергісіз әңгімелер әлемнің құлағын түріп, елеңдетіп отыр. Сарапшылар мен экономистер де Қытай экономикасының кереметі туралы ауыздарының суы құрып, майын тамызып айтудан жалыққан емес. Біреулер қытай экономикасының өрлеуін халқының санымен байланыстырса, енді бреулер қытайлардың ұрлық пен көшірмеде алдын жан салмайтын ептілігінен көреді. тағы біреулер қытай экономикасының тұтынушылардың көптігімен және экспортқа негізделгенімен түсіндіргісі келеді. Қалай дегенмен де Қытай бүгінде әлемді аузына қаратып отырған алып державаға айналған. Біз бұл арада қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі бес себебіне тоқталғанды жөн көріп отырмыз. 

1. Кедейлікті жою әрі ресурсты тең бөлу

Қытай - кедейлікпен күресте айтарлықтай жетістікке жеткен, дәлірегі, халқының көп бөлігін кедейлік қамытынан шығара алған әлемдегі жалғыз ел. Бәрі салыстырмалы түрде ғой, бұл арада әлемнің өзге елдерімен салыстырып айтып отырмыз. Бұдан шығатын қорытынды қандай? Ел тұрғындарының тұрмысын жақсартсаң, экономикалық жетістікке жету жолында бірде-бір шектеу немесе алынбас қамал қалмайды. Мұны қытай дәлелдеп берді. Өткенге сәл шегініс жасайықшы: 1978 жылы миллиардтаған қытайдың ат төбеліндей аз ғана тобынан басқасының бәрі ыңыршағы айналған кедей еді. Сол кездегі жалпы ішкі өнімі Африка құрлығындағы ең артта қалған Замбияның көрсеткішімен шамалас болатын. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл Азия елдері бойынша орташа көрсеткіштен екі есе кем болатын. Қытай кедейліктен қалай құтылды? Себебі өте қарапайым: ресурстарды теңдей бөлді. Нәтижесінде 2014 жылы 800 млн-нан аса адам кедейліктен құтылып, жоқшылықтың зардабын тартпайтын күйге жетті. 

2. Тұрақты өсу 

 

Қытай экономикасының өсу қарқыны жылына орташа есеппен алғанда 7%-ды құрайды. Дүниежүзілік валюта қорының келтірген мәліметіне қарағанда, кей жағдайларда қытай экономикасының өсу қарқыны 13 пайызға дейін жеткен. 

3.Әлемдік өндіріс орталығы нишасы 

Экономикасы ең дамыған АҚШ-тан бастап, Африканың дамушы елдеріне дейін барлық материал мен қосалқы бөлшектерді, т.б. Қытайдан алады, Қытайдан табады. Қытай ондаған жылдар болды, арзан тауарлардың өндірісі мен экспортын жолға қойды. Бұл өз кезегінде әлемдегі ең арзан тауарларды құрастыруға, сатуға негізделген экономиканың өсу стратегиясын қалыптастырды. Соның арқасында қазіргі уақытта Қытай әлемдегі ең жабдықтаушы елге айналған. Тіпті, қытайдың арзан тауарларын сатумен шұғылданатын, танзакциялық мәмілелерді жүзеге асыратын арнайы компаниялар да ашылған. 

4. Сенімді жекеменшік сектор 

Әдетте қуатты жекеменшік сектор кез келген экономиканың тірегі саналады. Қытайда мұндай фирмалар елдің жалпі ішкі өнімінің үштен екісінің көбін өндіреді. Қытай экспортының 90%-дан астамы жекменшік секторға тиесілі. Мұнымен ғана шектелмейді: Қытайдың ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша елдегі тұрғындардың денін экономикаға 80%-дан аса табыс түсіретін осы жекеменшік секторлар жұмыспен қамтып отыр - 36%.

5.Тұтынушылардың орта класын қалыптастыру 

Кез келген қызмет көрсету саласының өсу деңгейі сол елдің әл-ауқатының қаншалықты өскенін көрсетеді. Қытай бүгінгі таңда әлемде екінші импорттаушы ел әрі аса ірі экспорттаушы ел. Бүгіндері қытай тұтынушылары тек тұрмыстық қажеттіліктегі тауарлармен шектелмей адамның жайлы өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтерді қолай көретін болды. 

0 пікір
Мұрағат