Құлпынайды өзгеше өсіру технологиясы пайда болды (видео)
Құлпынайды өзгеше өсіру технологиясы пайда болды (видео)
5 ай бұрын 676 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Dyson компаниясы Ұлыбританиядағы Линкольншир графтығында осы заманғы озық техникаларды пайдаланып, құлпынай өсіретін инновациялық ферманы іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология ауыл шаруашылығын оңтайландыру бағытындағы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр. Тұтынушыларға арзан бағада жыл бойы құлпынай өсірудің тиімді технология бойынша жұмыс істейтін ерекше ферма диаметрі 5 метр, ал ұзындығы 24 метр болатын ауқымды цилиндрлі шеңберден тұрады. Бір цилиндіріне 1225 құлпынай көшеті сияды. Әрбіреуі 500 келі тартатын доңғалақ пішінді ферма өсімдікке жаоықты бір келкі түсіреді. Бұл фермада барлық жұмысты роботтар атқарады. Олардың бір тобы ультракүлгін сәулемен көгерген зеңнен тазартады, өзгесі өсімдікке пайдалы жәндіктерді жіберіп, зиянкестерден тазартады. Құлпынай піскенде 19 манипулятор мұқият жасырады жарықтан. Айына бір цилиндірінен 200 мыңға дейін құлпынай жиналады. Фермада өсімдік қалдықтарын қайта өңдеуге арналған анаэробты реактор бар. Ол механизмдер үшін электр энергиясын және өсімдіктерді жылыту үшін жылу өндіреді, ал бүйірлеп өнім ретінде «дигестат» – органикалық тыңайтқыш жасалады. Ұзындығы 760 м болатын құрылымның төбесі жаңбыр суын мейлінше молынан жиналатындай етіп  конструкцияланған, екінші жағынан, бұл конструкция құлпынайды суару үшін пайдаланылады.

 

0 пікір
Мұрағат