Қоршаған орта адамның жүрісін өзгерткен...
Қоршаған орта адамның жүрісін өзгерткен...
3 жыл бұрын 2564 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Табиғатқа тамсану, табиғатты тамашалау адамның жүрісін баяулатады, ал қаланың қарбалас тірлігінен адам жылдам адымдап үйренген. Екі бөлек әлем... Әлбетте, табиғатты тамашалау өз кезегінде адамның жүйкесін тыныштандырып, тәні мен жан саулығын жақсартады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, табиғи орта адамның когнитивті белсенділігін қажет етпейді қалалық ортаға қарағанда. Біздің түр-тұлғамыз миллиондаған жыл бойы табиғи ортада қалыптасқандықтан біз инститнкт деңгейінде табиғи ортаға ұмтыламыз. Ұлыбританиядағы Бристол университетінің ғалымдары адамның өмір сүріп жүрген ортасына қарай адымының қалай өзгеретінін зерделеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLOS One мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тәжірибеге 81-61 жас аралығындағы 57 адам қатысқан болатын. Оларға табиғаты тұмса орта мен қалалық ортаның картинасын көрсетеді, содан соң олардан қайсысынан ләззат алғанын сұрайды. Нәтижесінде қалалық ортаға қарағанда табиғи орта картинасы көбірек ләззат сыйлағаны белгілі болды. Керісіеше қалалық орта картинасы жайсыздық тудырған: басы ауырғандар да, жүрегі айнағындары да, қалалық орта картинасын көзі бұлдырап көргендері де болды.

0 пікір
Мұрағат